Қазақстандық семсерлесушілердің Италиядағы Әлем кубогындағы нәтижелері
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
Италияның Падуя қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлдеге іліге алмады. Жекелей сында Артем Саркисян 91-орынға ие болды. Бақдәулет Құралбекұлы 95-орынмен жарысты аяқтаса, Назарбай Саттархан 109-шы, ал Жанат Нәбиев 176-шы нәтижені көрсетті.
Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Әлем кубогының кезеңін 18-орынмен аяқтады.
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Линцте (Аустрия) өткен Әлемдік Гран-при кезеңінде жеңіске жеткеннен кейін IJF әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Наурыздың 7-сі күні Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 48 кг салмақ дәрежесінде қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, алтын медаль жеңіп алған болатын.