Қазақстандық семсерлесушілер Азияда бесінші орын алды: Жапония тағы да көш бастады
Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы лайықты нәтиже көрсетті
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасындағы командалық сайыстарда қазақстандық спортшылар – Артем Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бесінші орынға ие болды. Алтын медаль Жапония құрамасына бұйырды, күміс Оңтүстік Кореяға, қола жүлде Өзбекстанға кетті.
Ал әйелдер арасындағы рапирадан командалық бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған Алена Гноева, София Ақтаева және Күлжан Түсүпбекова жетінші орынды иеленді. Бұл сайыста да Жапония құрамасы топ жарды - финалда Қытай командасын жеңіп шықты. Үшінші орынға Гонконг спортшылары жайғасты.