Қазақстандық қысқы спортшылардың қайсысы 2026 жылғы Олимпиадаға жақын екенін белгілі болды
Барлық қысқы спорт түрлерінде Олимпиада маусымы басталды, бұл маусымда барлық құрамалар 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу құқығы үшін күресуде. Olympic.kz халықаралық жарыстарда квота үшін ұзақ қашықтықта күресіп, жақсы нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшылар туралы айтып берді.
Бүгінгі күнге дейін командаларымыздың басты жетістігі – Солт-Лейк-Ситиде өткен әлем кубогының кезеңінде конькимен жүгіруші Евгений Кошкиннің алған күміс жүлдесі. Ол 500 метр қашықтықта екінші болып мәреге келді.
АҚШ-та өткен бұл әлем кубогы кезеңі қазақстандық құрама үшін ең сәтті жарыс болды: біздің конькимен жүгірушілер бірден 15 жеке рекорд, төрт үздік нәтиже және тағы екі ел рекордын орнатты. Жоғары нәтижелер қатарына В тобындағы қазақстандық спортшылардың жүлделі орындары да кірді. Мысалы, Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта бірінші орын алды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 11 квотаға үміт арта алады. Дегенмен, бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Ол үшін 12-14 желтоқсан аралығында Норвегияның Хамар қаласында өтетін соңғы іріктеу әлем кубогында сәтті өнер көрсету қажет.
Шорт-тректе іріктеу жарыстары аяқталды. Кейбір негізгі қашықтықтарда спортшыларымыз ҰОК болжамы бойынша Олимпиадаға қатысу құқығын алуы керек.

Осы маусымда қазақстандық шорт-трекшілер әзірге жүлдегерлер қатарынан көрінген жоқ. Подиумға ең жақын болғандар – Малика Ермек пен Ольга Тихонова.
Сондай-ақ жуырда фристайлдан Қазақстан құрамасының өкілдері іріктеу мен маусымды бастады. Руке қаласында фристайл-акробатика мен фристайл-могулдан әлем кубогы өтті. Могулшылар Павел Колмаков, Аяулым Амренова және Анастасия Городко алғашқы жарыстарда финал 1-ге шыққанымен, негізгі финалға өте алмады.
Қазақстандық биатлоншылар ішінде Эстерсундте өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Владислав Киреев жақсы өнер көрсетті. Ол – біздің құрамадан жалғыз өзі қуу жарысына жолдама алған спортшы.
Шаңғы жарыстарында әзірге айтарлықтай жоғары әрі маңызды нәтиже тіркелген жоқ.
Трамплиннен шаңғымен секіруде спортшыларымыз FIS кубогы кезеңдерінде ел намысын сәтті қорғауда. Данил Васильев Словенияда қола, Германияда күміс медаль еншіледі. Кейін Польшадағы турнирде Васильев жеңімпаз атанып, Ілия Мизерных екінші орынға көтерілді. Әлем кубогы кезеңдерінде әзірге медаль жоқ.
Олимпиадалық жолдамалар үшін күрес жалғасуда. Әзірге Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаудан екі ресми жолдамасы бар. Оларды Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина 2025 жылы Бостонда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп алып берді.