Қазақстандық Фатима Супығалиева дзюдодан алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен Фатима Супығалиева Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында дзюдодан алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде теңдессіз болды.
Супығалиева финалда "иппон" әдісімен жеңіске жетті. Қазақстандық дзюдошы Қырғызстан өкілі Милена Боруболотовадан басым түсті. Финалда жеңіске жету үшін Фатимаға небәрі 16 секунд жеткілікті болды.
Фатиманың алтыны - осы Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан үшін екінші алтын. Бұған дейін алғашқы алтын медальді Адильжан Нұрбекен жеңіп алған болатын, ол финалда Тәжікстан спортшысын тізе бүктірді.
Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы жалпы медаль саны - 68. Оның ішінде 18 алтын, 21 күміс және 29 қола жүлде бар.
Медальдар кестесінде Қазақстан үшінші орынға тұрақтады, Тайландты артқа тастап, Өзбекстаннан үш алтын медальға ғана қалып отыр.
