Дзюдошы жасөспірімдер Азия ойындарында Қазақстанға күміс сыйлады
Дәулеткерей Сейфіл финалға дейін жетті
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстанның дзюдо құрамасы Манамада өткен жасөспірімдер Азия ойындарында тағы бір медальға қол жеткізді. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлайды.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дәулеткерей Сейфіл көпсалалы жарыста екінші орынды иеленді.
Финалда қазақстандық дзюдошы Өзбекстаннан келген Мирзохид Худоюкуловтан ұтылып қалды.
Өз кезегінде Қазақстанның дзюдо құрамасының атынан сынға түскен Айша Алтай Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Финалда ол да Өзбекстаннан келген қарсыласымен 70 келіге дейінгі салмақ санатында белдесті.