Қазақстандық дзюдошы Тогжан Толебай Азия ойындарында қола жүлде үшін белдесуде жеңіске жетті
Ол жүлде үшін жекпе-жекте тайлық спортшыны тізе бүктірді
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстан дзюдо құрамасының өкілі Тогжан Толебай Манамада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медальға қол жеткізді. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлайды.
Спортшы 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы Тайландтан келген Пиятхида Сонгчайды жеңді.
Бұған қоса, қазақстандық Айша Алтай Азия ойындарының чемпионы атанды. Даулеткерей Сейфил күміс жүлдені иеленді.