Қазақстандық дзюдошы Әбужақынова IJF рейтингінде үшінші орынға көтерілді
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Линцте (Аустрия) өткен Әлемдік Гран-при кезеңінде жеңіске жеткеннен кейін IJF әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді.
Наурыздың 7-сі күні Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 48 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетті. Осы жетістігінің арқасында ол әлемдік рейтингте бесінші орыннан үшінші орынға көтерілді.
Қазіргі уақытта Әбужақынова 5374 ұпай жинап, IJF рейтингінде үшінші орында тұр.