locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық биатлоншы Италиядағы IBU кубогының жекелей жарысында топ-40 қатарына енді

Ұлттық құраманың жалпы қоржынына жақсы үлес
Басқа спорт түрлері
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: СБК

11 желтоқсан күні Италияның Риднаун қаласында IBU кубогының екінші кезеңі жекелей жарыстармен басталды. Ерлер арасындағы жарысқа қазақстандық биатлоншылар қатысты.

Қазақстандықтар арасында ең үздік нәтижені Никита Акимов көрсетті. Ол тік тұрып атуда екі рет мүлт кетсе де, 38-орыннан көрінді. Басқа ұлттық құрама өкілдері топ-60-қа іліге алмады, дегенмен Егор Гребенщиковтың прогресін атап өту керек. Ол Обертиллиахтағы спринтте 121-орыннан кейін өзінің алғашқы жекелей жарысында топ-75-ті түйіндеді.

Биатлон. IBU кубогы, екінші кезең (Риднаун, Италия). Жекелей жарыс, ерлер

1. Доминик Унтервегер (Австрия) (0+0+0+0) - 49:57.1
2. Каспер Калькенберг (Норвегия) (1+0+0+1) - +30.5
3. Хеннинг Сьолквист (Швеция) (0+0+0+0) - +37.1

38. Никита Акимов (0+1+0+1) - +4:27.3
64. Кирилл Бауэр (1+0+1+1) - +6:33.7
75. Егор Гребенщиков (0+1+0+1) - +7:50.4
96. Ержанат Куандық (1+0+2+2) - +9:44.4

11 желтоқсан күні әйелдер арасындағы жекелей жарыс та өтті, оның нәтижелері жайлы кейінірек хабарлаймыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie