locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Досжан Құл-Ғайып қола жүлдеге қол жеткізді
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді
ФОТО: ҰОК РҚ

20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған еркін күрес шебері Досжан Құл-Ғайып қола медаль иегері атанды.

Дода Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатыр.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Құл-Ғайып италиялық Рауль Казоға қарсы шығып, айқын басымдықпен – 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінсе, қарсыласы марапатсыз қалды.

Жарыс барысында Досжан алдымен эстониялық Николай Тарасовты, одан кейін грузиялық Саба Кобахидзені тізе бүктірді. Алайда ширек финалда қырғызстандық Әділет Ақылбековке жол берді. Соған қарамастан, утешительный белдесуде канадалық Николас Лиам Хуперді жеңіп, «қола финалына» жолдама алды.

Сондай-ақ Қазақстан дүниежүзілік ойындарда тарихи рекорд жасады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie