locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық балуан халықаралық турнирде сенсациялық жеңіліске ұшырады

Басқа спорт түрлері
Сергей Завалко
Сергей Завалко
Қазақстандық балуан халықаралық турнирде сенсациялық жеңіліске ұшырады
Фото: НОК

Таразда Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир басталды. Жарыстың бірінші күнінде-ақ сенсация орын алды, деп хабарлайды ҚР ҰОҚ.

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұхан күтпеген жерден американдық Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстанның 97 келідегі өкілі жартылай финалда есе жіберді.

Айтмұхан 1/4 финалда Иманғали Қалдыбекті 12:2 есебімен жеңіп, турнирді сәтті бастаған еді. Қалдыбек болса, 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Отабек Назирбоевті 4:3 есебімен жеңді.

Турнир UWW ресми күнтізбесіне енген. Бұл турнирде қазақ балуандарынан бөлек, Қытай, Моңғолия, Ресей, АҚШ, Аустралия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің өкілдері өнер көрсетуде.

Осыдан алдын қазақстандық боксшының қатысуымен үлкен жекпе-жектің өту мүмкіндігі жайлы хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie