locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанда ат спорты бойынша әлем кубогының кезеңі өтеді

Турнир екі финалдан тұрады
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Қазақстанда ат спорты бойынша әлем кубогының кезеңі өтеді
ФОТО: Оlympic.kz

Қазақстан ат спорты бойынша бірнеше ірі халықаралық жарысты қабылдайтын ел болып таңдалды.

Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, 2026 жылы елімізде Әлем кубогы кезеңі, World Cup Challenge финалы және Еуразиялық лига финалы өтетін болады. Бұл турнирлер Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен ұйымдастырылады.

Аталмыш турнир қазақстандық спортшыларға алғаш рет өз елінде рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік береді.

Тиісті шешім FIE-нің Гонконгте өткен Бас ассамблеясында қабылданды.

Халықаралық федерация президенті Ингмар де Вос Қазақстанда жарыстар өткізу ұйымның халықаралық турнирлердің географиясын кеңейту және жаңа елдерді жаһандық спорт күнтізбесіне тарту мақсатына толық сай келетінін атап өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie