locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан жағажай футболы Суперкубогының иегері анықталды

Семейлік «Ярышъ» шешуші ойында жеңіске жетіп, маусымдағы алғашқы трофейді иеленді
Басқа спорт түрлері 19 мау 2025 04:15
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Қазақстан жағажай футболы Суперкубогының иегері анықталды
ФОТО: КФФ

2025 жылғы жағажай футболы маусымы Павлодарда өткен Қазақстан Суперкубогының матчымен ашылды. Жүлде үшін өткен жылғы ел чемпионы – семейлік «Ярышъ» және Қазақстан Кубогының иегері – жетісулық «Малайсары» командалары күш сынасты.

Регламент бойынша трофейге ие болу үшін екі жеңіс қажет еді. Алғашқы ойында «Ярышъ» қарсыласын тас-талқан етіп, 7:1 есебімен жеңді. Семейліктер барлық компонентте басым түсіп, өз мүмкіндіктерін шебер пайдаланды. Ал «Малайсары» қорғаныста көп қателікке бой алдырды.

Алайда екінші матчта жетісулықтар мінез көрсетіп, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, есепті теңестірді. Кездесу өте тартысты әрі қызықты өтті, жанкүйерлер бірнеше әдемі голдардың куәсі болды.

Шешуші үшінші ойында «Ярышъ» тағы да өз үстемдігін дәлелдеді. Тактикалық тәртіп пен жеңіске деген жігер нәтижесін берді – 5:1. Осылайша, серия 2:1 есебімен аяқталып, «Ярышъ» Суперкубоктың иегері атанды.

Айта кетейік, «Малайсары» – 2024 жылғы Қазақстан Кубогының иегері, ал «Ярышъ» – өткен маусымның чемпионы.

Қазақстан жағажай волейболынан Азия чемпионатында өнер көрсете бастады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie