Қазақстан волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады
Енді Қазақстан құрамасы тек 9-16 орындар үшін таласады
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Волейбол федерациясының баспасөз қызметі
Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда.
27 тамызда Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алу үшін Францияға қарсы кездесу өткізді.
Өкінішке қарай, 1/8 финалда жеңіске жете алмады. Қарсылас команда 3:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, отандастарымыз әлем чемпионатында өнер көрсетуін жалғастырып, 9-16 орындар үшін бақ сынайды.
27 тамызда Болгарияда өтіп жатырған дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.