locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан үшін Азия кубогындағы үстел теннисі жарысы аяқталды

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: olympic.kz

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Азия кубогындағы өнерін аяқтады. Топтық кезең қорытындысы бойынша біздің спортшылар 1/8 финалға шыға алмады.

Құраманың ішінде ең жақсы нәтиже көрсеткен Кирилл Герасименко өз тобында үшінші орын алды. Ол плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік сақтағанымен, шешуші ойында Оңтүстік Корея өкілі Ан Джэхёнге есе жіберді.

Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева топтық кезеңді төртінші орынмен аяқтап, келесі кезеңге өте алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты іріктеу кезеңінде аяқтап, плей-оффқа жолдама ала алмады.

Сонымен қатар, маусымның жарқын бастамасы: Қазақстан садақ атудан халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсетті

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie