Қазақстан самбо бойынша әлем чемпионатында 18 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Индонезияда өткен самбодан әлем чемпионатында 18 медаль олжалады. Жүлделер қоржынында — 2 алтын, 8 күміс және 8 қола медаль бар. Бұл туралы Қазақстан самбо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Чемпион атанып, алтын медаль иеленгендер:
• Алшынбек Абылайхан — 98 кг (жастар, жауынгерлік самбо)
• Дінисламов Дінмұхаммед — +98 кг (жастар, жауынгерлік самбо)
Күміс жүлдегерлер:
• Ақбота Қыдырәлі — 72 кг (жастар, спорттық самбо)
• Арқат Өтеген — 88 кг (кадеттер)
• Қарақат Рахыбай — 47 кг (кадеттер)
• Нұрай Хамзаева — 59 кг (кадеттер)
• Мейрамбек Мейрамғали — 58 кг (кадеттер, спорттық самбо)
• Данияр Қалмағамбетов — 64 кг (жастар, спорттық самбо)
• Руслан Сейдуалиев — 53 кг (кадеттер)
• Ғаламат Алпысбай — 71 кг (кадеттер).
Қола жүлдегерлер:
• Алмас Темірбай — 98 кг (жастар, спорттық самбо)
• Сержан Жиенғазиев — 64 кг (кадеттер)
• Ислам Макажанов — 88 кг (жастар, спорттық самбо)
• Нұржан Тұмырзаев — 58 кг (жастар, спорттық самбо)
• Мейрамбек Алдабергенов — +98 кг (жастар, спорттық самбо)
• Үлбосын Әділова — 80 кг (жастар, спорттық самбо)
• Санат Жаманқұл — 88 кг (жастар, жауынгерлік самбо)
• Ақжібек Ұзақбаева — 50 кг (кадеттер, спорттық самбо)
Осылайша, үш күнге созылған бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпы есепте 18 медаль еншіледі.
