locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан садақ атудан әлем чемпионатында тарихтағы екінші медальді жеңіп алды

Бұл – 1993 жылдан бергі Қазақстанның әлем чемпионатындағы алғашқы медалі
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Қазақстан садақ атудан әлем чемпионатында тарихтағы екінші медальді жеңіп алды
ФОТО: Оlympic.kz

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстан медальмен ерекшеленді, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Біздің құрама әйелдер арасындағы құрама жарыста блочтық садақпен үшінші орын иеленді.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын жеңді. Тартысты айқас 232-229 есебімен аяқталды. Ел намысын Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова қорғады.

Айта кетейік, Қазақстан тарихында әлем чемпионатында екінші рет медаль жеңіп отыр. 1993 жылы классикалық садақтан Яна Туниянц үшінші орынды еншілеген болатын.

Сонымен қатар, 1997 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық құрама әйелдер командалық жарысында жабық алаңда екінші орын алған еді.

Сондай-ақ, 7 қыркүйекте қазақстандық трамплиннен секіруші Данил Васильев FIS кубогы кезеңінде қола медальге ие болды, бұл жарыс Словенияда өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie