locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан мен Вьетнам 2027 жылға дейін спорт саласындағы әріптестікті дамытуға келісті

Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстан мен Вьетнам 2027 жылға дейін спорт саласындағы әріптестікті дамытуға келісті
ФОТО: turizm_sport_ministrligi инстаграм парақшасынан

Қазақстан мен Вьетнам спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келді.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам арасындағы ресми келіссөздер барысында мақұлданды. Құжат 2025 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы ынтымақтастықты көздейді.

Келісім аясында тараптар спорт саласындағы тәжірибе және өзекті ақпарат алмасуды, екі ел үшін басым бағыттардағы спорт түрлерін дамытуға қолдау көрсетуді, сондай-ақ допингке қарсы күресте бірлесе әрекет етуді жоспарлап отыр.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәртібі, қаржыландыру механизмдері мен тараптардың құқықтары мен міндеттері қосымша келісімдер арқылы нақтыланатын болады. Меморандум бес жыл мерзімге жасалып, екі жақтың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie