Қазақстан әлем чемпионатында тарихи алтын алды
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
Ербол Хамитов – парабиатлоннан әлем чемпионы.
Қазақ спортшысы Ербол Хамитов Словенияда 4-9 ақпан аралығында өткен парабиатлон бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан тарихындағы парабиатлоннан алғашқы алтын.
12,5 км қашықтықтағы жекелей жарыста Хамитов 35:29.01 уақыт көрсетіп, барлық қарсыластарын басып озды. Күміс жүлдені канадалық Дерек Заплатонски (35:36.3), қола жүлдені америкалық Аарон Пайк (35:37.8) иеленді.
Бұл жеңіс – Қазақстандағы параспорттың дамуының маңызды көрсеткіші. Ербол Хамитов өз жетістігі арқылы еліміздің спорттағы мүмкіндіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Кёрлингтен ерлер құрамасы жеңісті сериясын жалғастыра алмады