Қазақстан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды
Бұл – турнирдегі қазақстандық дзюдошылардың төртінші жүлдесі
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Мұхаммедәлі Жылқайдар Болгарияда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші белдесуде Жылқайдар ресейлік Рахим Хамхоевке есе жіберіп, нәтижесінде күміс жүлдегер атанды.
Осы салмақта Ролан Қайырғали канадалық Анечка Матиді жеңіп, қола медальға қол жеткізді.
Енді Қазақстан құрамасының қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) алтын медаль жеңіп алса, 27 тамызда Арман Мыса (50 кг дейінгі салмақта) қола жүлде иеленген болатын.