locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті ұлттық құрама дзюдошыларымен кездесті

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті ұлттық құрама дзюдошыларымен кездесті
Фото: olimpic.kz

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Қазақстан ұлттық құрама дзюдошыларымен кездесті. Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлады.

Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Азия чемпионаты қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Азия чемпионатына дайындық барысымен танысты. Сондай-ақ, кездесуге Халықаралық дзюдо федерациясының президентінің кеңесшісі Алмаз Әлсенов қатысты.

Жаттығу аясында Федерация президенті құрама бапкерлері мен спортшыларының ұсыныс-тілегін тыңдап, Азия чемпионатына сәттілік тіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie