locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан балуандары Азия чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

13 алтын, үздік командалық нәтиже және жарқыраған жас буын
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Қазақстан балуандары Азия чемпионатында 38 медаль жеңіп алды
ФОТО: UWW

Вьетнамның Вунгтау қаласында 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, жалпы саны 38 медаль иеленді. Оның 13-і — алтын.

U-23 санатында грек-рим күресінің өкілдері жарқырай көрінді: Ерасыл Мамырбеков (55 кг), Исхар Курбаев (60 кг), Бағдат Сабаз (67 кг) және Ақжан Ықыласов (77 кг) чемпион атанды. Вольник Майыс Әлиев (70 кг) пен қыздар арасында Виктория Хусаинова (59 кг) да алтыннан алқа тақты. Командалық есепте грек-рим балуандары бірінші орын алды, еркін күрес шеберлері екінші, қыздар үшінші орынды иеленді.

U-17 деңгейінде де қазақстандықтар жеңіссіз қалмады. Грек-рим күресінен Қуанышбек Жанажол, Нұрдәулет Құмарұлы, Дамир Ақан мен Досбол Шамиль алтын жеңіп алды. Еркін күресте Ибрагим Ысқақбек пен Бекәсыл Асамбек топ жарды. Қыздар арасынан Жайдар Мұқат (61 кг) чемпион атанды. Командалық есепте вольниктер бірінші, грек-рим күрескерлері екінші, қыздар төртінші орыннан көрінді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie