Қазақстан Азия чемпионатындағы екінші белдесуде жеңілді – Өзбекстан есеп айырмасын қысқартты
Меруерт Назарбаева қарсыласына есе жіберді
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: kazakhstan wrestling
Бішкекте 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.
76 келі салмақ дәрежесінде жарысқа түскен қазақстандық балуан қыз Меруерт Назарбаева өзбекстандық Севинча Полвоновамен кездесіп, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Полвонова жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бүгін Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан балуан қыздары арасында төрт белдесу өтті. Назарбаеваның жеңілісіне дейін есеп 3:1 болған. Енді қарсыластықтағы жағдай – 3:2.
Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір өзбекстандық спортшыны жеңді.