Қазақстан ауыр атлетика чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл жарыста ел құрамасының көптеген көшбасшылары, оның ішінде әлем чемпиондары Артем Антропов пен Нұрғиса Әділетұлы бақ сынады. Нәтижелерді Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақта Қызылорда облысының өкілі Азамат Төлеген 262 кг (119+143) көтеріп, алтын медаль иеленді.
Күміс медаль Түркістан облысының спортшысы Алишер Тұрғанбайда – 256 кг (114+142).
Қола жүлде Жетісу облысының атлеті Исламжан Мұзапаровқа бұйырды – 244 кг (104+140).
65 кг дейінгі салмақта чемпион атағын Жетісу облысының Анатолий Савельев жеңіп алды – 291 кг (134+157). Екінші орын Ақмола облысының Виктор Надворныйға бұйырды – 264 кг (119+145). Үздік үштікті ШҚО өкілі Ерсултан Тұрсынбеков түйіндеді – 251 кг (115+136).
71 кг дейінгі салмақта Жетісу облысының Алихан Әскербай 303 кг (136+167) көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс Қызылорда облысының Бексұлтан Айтбайында – 296 кг (126+170). Қола медаль Жетісу облысының Сергей Чуевке бұйырды – 291 кг (130+161).
79 кг дейінгі салмақта үздік нәтиже Жетісу облысының Ақжол Құрманбекке тиесілі — 352 кг (152+200). Әлем чемпионатының жүлдегері алматылық Петр Хребтов 324 кг (144+180) көтеріп, екінші орын алды.
Үштікте тағы бір Жетісу облысы спортшысы — Ерасыл Ыбырай — 290 кг (129+161).
88 кг дейінгі салмақта Шымкент қаласының Александр Уваров қарсыластарын басып озды. Оның нәтижесі — 361 кг (160+201).
Екінші орын алматылық Әлібек Рахымбердіде — 342 кг (155+187).
Үшінші орынды Қызылорда облысының Ерасыл Саулебеков иеленді — 317 кг (140+177).
94 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы шымкенттік Нұрғиса Әділетұлы 370 кг (170+200) көтеріп, тағы да үздік екенін дәлелдеді. Бұл салмақта күміс медаль Ақмола облысының Сергей Петровичіне бұйырды — 364 кг (168+196). Қола жүлде Қарағанды облысының Кирилл Староверкинде — 354 кг (165+189).
110 кг дейінгі салмақта ең үздік нәтиже Қарағанды облысының Артем Антроповта — 380 кг (160+220). Жетісу облысының Матвей Макрушин 336 кг (150+186) көтеріп, екінші орын алды.
ШҚО өкілі Темірлан Оқашев 327 кг (140+187) көтеріп, қола медальға ие болды.
110 кг-нан жоғары салмақта чемпион атағын алматылық Сұлтан Мейрам жеңіп алды — 377 кг (167+210). Шымкенттік Бағдат Маматқұл 367 кг (166+201) көтеріп, күміс жүлдегер атанды. Қола медаль Жетісу облысының Сағынбек Самарқанға бұйырды — 346 кг (151+195).
Әйелдер арасында 48 кг дейінгі салмақта Жетісу облысының Снежана Кашкарова – 151 кг (67+84) көрсеткішімен үздік атанды. Екінші орынды Қарағанды облысының Олеся Тереңюк алды — 132 кг (58+74). Үшінші орын Ұлытау облысының Светлана Квасниковада — 107 кг (48+59).
53 кг дейінгі салмақта Ақмола облысының Юлия Трошкина 155 кг (70+85) көтеріп, алтын медаль иеленді. Күміс медаль Жамбыл облысының Айнұр Әбдікәріқызында — 151 кг (68+83). Жетісу облысының Айгерім Ауылбек 150 кг (68+82) көтеріп, қола медальды еншіледі.
58 кг дейінгі салмақта Алматы облысының Әсемай Шүкірбаева — 172 кг (77+95) нәтижесімен чемпион атанды. Күміс медаль Ұлытау облысының Нұрсезім Абатқызына бұйырды — 169 кг (73+96). Үздік үштікті Ақмола облысының Елена Щуклина түйіндеді — 162 кг (71+91).
63 кг дейінгі салмақта Алматы облысының Ксения Прозорова — 200 кг (90+110) көтеріп, қарсыластарына мүмкіндік бермеді. Күміс медаль Ұлытау облысының Нұрсыйла Берікболға — 183 кг (81+102). Қола медаль Қарағанды облысының Дарья Балабаюкта — 180 кг (80+100).
69 кг дейінгі салмақта алматылық Арай Нұрлыбекова — 206 кг (91+115) көрсеткішімен топ жарды. Күміс медаль шымкенттік Инсана Рашидоваға бұйырды — 194 кг (85+109). Ақмола облысының Кира Данилова 192 кг (84+108) көтеріп, үздік үштікті түйіндеді.
77 кг дейінгі салмақта чемпион атағын Алматы облысының Айғаным Жанболат жеңіп алды — 228 кг (103+125). Екінші орын алматылық Аянат Жұмағалиде — 219 кг (98+121). Үшінші орын Қостанай облысының Татьяна Тютинада — 187 кг (82+105).
86 кг дейінгі салмақта Алматы қаласының Саня Орманбаева 207 кг (89+118) көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бір келіге кем нәтиже көрсеткен Қарағанды облысының Айша Омарова — 206 кг (91+115) күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікке енген Ақмола облысының Виктория Новикова — 201 кг (86+115).
86 кг-нан жоғары салмақта Қарағанды облысының Любовь Ковальчук — 260 кг (110+150) көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Күміс медаль Қызылорда облысының Айсамал Сансызбаевада — 210 кг (93+117). Бронзаны Қызылорда облысының Динара Кипшақбай — 207 кг (89+118) және Жетісу облысының Аида Ибраим — 207 кг (88+119) бірдей нәтиже көрсетіп, бөлісті.