Ауыр атлетикадан 2013 жылғы әлем чемпионы Алмас Өтешов министр мен Дәулет Тұрлыхановтан көмек сұрады
Ауыр атлетикадан 2013 жылғы әлем чемпионы Алмас Өтешов алты ай бойы Астанадағы арақтан айықтыру орталығында емделіп шыққан. Енді ол ішкілікті тастап, жаңа өмір бастағысы келеді. Бірақ басындағы несиесін жаппаса, жаңа жұмысқа тұру қиын деп отыр.
Спортшы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында несиесінің көлемі 15 млн 400 мыңға жеткенін айтты. Егер оны жаппаса, жұмыстан жалақы алмайды. Өйткені карталарының бәрі бұғатталған.
"Несием жабылса, ертең-ақ бапкер болуға дайынмын. Менің ЖСН-імді айтайын. Өздеріңіз қарап алыңыздар сенбесеңіздер. 15 млн 400 мың теңге қарызым бар. Көп дүниені көрдім. Жұмыс берген адамды ұятқа қалдырмаймын деп ойлаймын", - дейді спортшы.
Алмас Өтешов өзі аға ретінде құрмет тұтатын қазіргі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановқа да хат жаған екен. Алайда, Whatsapp мессенджеріндегі хабарламасын Тұрлыханов оқығанымен, жауап бермеген.
Одан бөлек, Алмас Өтешов жаңа спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан көмек сұраған. Егер ауыр атлетикадан шәкірт тәрбиелеуге қолғабыс етсе, сенімді ақтаймын деп отыр.
Қазақстан Харбиндегі турнирде екінші рет қатарынан жеңіліс тапты