Астанада Геннадий Головкин Катардың ҰОК басшысымен кездесті
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Катар ҰОК басшысы, сондай-ақ Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының вице-президенті шейх Джоан бин Хамад Әл-Танимен ресми кездесу өткізді.
Тараптар спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.
Кездесуге туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры және World Aquatics ұйымының президенті Хусейн әл-Мусаллам, ҚР ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және су спорт түрлері федерациясының президенті Нұрлан Жақыпов қатысты.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар ортақ бастамаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар жасауға уағдаласты.
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының жетекшілерімен кездесті.