locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астанада Қазақстанның оқ атудан чемпиондары анықталды

Елдің қысқы чемпионаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Астанада Қазақстанның оқ атудан чемпиондары анықталды
ФОТО: Olympic.kz

Астанада Қазақстанның оқ атудан қысқы чемпионаты мәресіне жетті.

Турнирді Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы қабылдап, елдің үздік мергендері ұлттық біріншілік медальдары үшін бақ сынады.

Ерлер арасында классикалық садақ атудан жеңіс Ілфат Абдуллинге бұйырды. Күміс жүлдені Александр Еременко иеленсе, қола медаль Алихан Мустафинге тиді. Әйелдер арасында бұл сында чемпион атанған — Мадина Заемова, екінші орынды Самира Жұмағұлова, үшінші орынды Александра Воропаева еншіледі.

Блочтық садақ атудан ерлер арасында бірінші орынға Андрей Тютюн шықты. Екінші болып Егор Поляков мәреге жетсе, жүлдегерлер үштігін Ақбаралы Карабаев түйіндеді. Әйелдер арасында алтын медальды Эльмира Раисова жеңіп алды, күміс — Виктория Лянға, қола — Диана Юнусоваға бұйырды.

9 желтоқсанда дарынды қазақстандық қыз Сауд Арабиясында алтын медальді жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie