Астана командасының велошабандозы Гейт Гран-при Крикьельона жарысында үздік ондыққа кірді
Бельгияда беделді біркүндік "Гран-при Крикьельона" веложарысы өтті, оның қашықтығы 200 шақырымды құрады. Жарыстың жеңімпазы Q36.5 Pro командасының итальяндық велошабандозы Маттео Москетти атанды, ол қашықтықты 4 сағат 39 минут 29 секундта бағындырды. Екінші орынды франциялық Уго Хофстеттер (Israel-Premier Tech) иеленсе, үздік үштікті Q36.5 Pro өкілі Джакомо Ниццоло қорытындылады.
Қазақстандық "Астана" командасының сапындағы ең жоғары нәтижені Жаңа Зеландиялық Аарон Гейт көрсетті, ол мәре сызығын алтыншы болып кесті. Глеб Сырица жарысты 29-шы, Симоне Занини 62-ші (+1:04), Лев Гонов 72-ші (+2:26), Маттео Малучелли 101-ші (+5:46), ал Микеле Гадзоли 106-шы (+6:36) болып аяқтады. Антон Кузьмин бәсекені соңына дейін жеткізе алмады.
"Астана" үшін бұл жарыс алдағы маусымдық старттарға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болды.