locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Astana Development Team велошабандозы Гран-при Родоста екінші орын алды

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram

"XDS Astana Development Team" велошабандозы Пьер-Анри Бассе Грекияның Родос аралында өткен біркүндік Гран-при Родос жарысында екінші орын алды. Ұзындығы 179,7 км болатын күрделі жарыста қатты жел мен жер бедері басты сынға айналды. Бассе шешуші шабуылдарға жауап беріп, негізгі топтан озып кеткен көшбасшылардың қатарында болды. Алайда, мәрелік спринтте қарсыласына жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

“Жарыс өте жылдам әрі қиын өтті. Біз әр шабуылды бақылап отырдық, бір сәтте мен Густав Вангпен бірге алға шықтым. Соңғы шақырымдарда шабуылдар жиілеп кетті, біз барынша қарсы тұрдық. Мәреге жақындағанда үшеуіміз ғана қалдық, бірақ спринтте жеңіліп қалдым. Мүмкін, шабуылды ертерек бастағаным дұрыс болар ма еді. Келесі жарыста тағы да бақ сынаймын. Бұл күміс жүлдемді осы аптада жаттығу кезінде жарақат алған Александр Винокуров-кішіге арнаймын”, – деді Бассе.

Команданың спорт директоры Александр Шушемоин жарыстың тактикалық тұрғыдан қиын өткенін айтты. "

Біз жеңіске жетуді жоспарладық, бірақ жарыстың басында болған шабуылдар мен қарсы жел жағдайды өзгертті. Сондықтан тактикамызды қайта қарауға тура келді. Дегенмен, Бассе біздің командадағы алғашқы подиумына шықты, ал Густав та керемет өнер көрсетті», – деп атап өтті Шушемоин.

“XDS Astana Development Team” командасының тағы бір велошабандозы Густав Ванг төртінші орын алды. Осылайша, команда жарысты үздік бестіктің қатарында екі спортшымен аяқтады.

Алдын біз, Astana Team велошабандоздарының Париж-Ницца бірінші кезеңіндегі нәтижелерін жариялаған едік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie