locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астана ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатын қабылдайды

U-17 және U-20 жас санаттарында 27 елден келген 450-ден астам спортшы жүлделерді сарапқа салады
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Астана ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатын қабылдайды
ФОТО: Getty Images

4–10 шілде аралығында еліміздің бас қаласы Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, байрақты бәсекеге 27 мемлекеттен 450-ден астам спортшы қатысады.

Жарысқа 17 жасқа дейінгі (U-17) және 20 жасқа дейінгі (U-20) атлеттер қатысады. Қазақстан намысын турнирде 36 жас штангашы қорғайды. Ұлттық құраманың нақты құрамы жақын күндері жарияланады.

Чемпионат Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыста жоғары деңгейдегі тартысты бәсеке күтіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie