Асылжан Есенгелді Қазақстанға күрес бойынша әлем чемпионатындағы алғашқы медалін әкелді
Қазақстандық спортшының еншісінде — қола жүлде
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: United world wrestling
Еркін күрестен қазақстандық балуан Асылжан Есенгелді Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды.
Есенгелді 61 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Үшінші орын үшін шешуші белдесуде қазақстандық спортшы АҚШ-тан келген Джексен Форрестті тізе бүктірді. Жекпе-жек аса тартысты өтіп, есебімен 9:8 есебінде қазақстандық балуанның драмалық жеңісімен аяқталды.
Бүгін, 14 қыркүйекте, әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін тағы бір қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов күреседі. 70 килограмм салмақ дәрежесінде ол Молдова өкілі Василий Дьяконға қарсы шығатын болады.