locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алтын жүлдегер енді жарыстардан шеттетілді. Улугбек Рашитов екі жылға барлық турнирлерден тыс қалды

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Алтын жүлдегер енді жарыстардан шеттетілді. Улугбек Рашитов екі жылға барлық турнирлерден тыс қалды
ФОТО: olympic.uz

Әлемдік таэквондо аренасындағы жарқын тұлға, Өзбекстанның қос дүркін Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитов екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы ресми ақпаратты Халықаралық допингке қарсы тестілеу агенттігі (ITA) жария етті.

Агенттіктің мәліметінше, 22 жастағы спортшы соңғы он екі ай ішінде өзінің орналасқан жері туралы мәліметті үш рет ұсынбаған. Бұл әрекет Халықаралық антидопинг кодексін бұзу ретінде қарастырылады және спортта әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды талаптардың бірі болып саналады.

Рашитов өз тарапынан айыптарды жоққа шығарған жоқ және жазаны қабылдады. Шеттету мерзімі 2025 жылдың 13 мамырынан бастап есептеледі және 2027 жылдың 12 мамырына дейін жалғасады. Сонымен қатар, 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап алынған барлық нәтижелер күшін жояды. Осы кезең ішінде ол ешбір ұлттық немесе халықаралық жарысқа қатыса алмайды.

Алайда спортшы бұл шешімге қарсы Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағымдануға құқылы.

Улугбек Рашитов – өзбек спортындағы ең жарқын жұлдыздардың бірі. Ол 2021 жылы Токио Олимпиадасында ел тарихындағы алғашқы таэквондодан алтынды жеңіп алып, тарихқа енді. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында тағы да топ жарып, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie