locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алты алтын медаль. Қазақстан стенд атудан Азия Кубогында өнер көрсетті

Басқа спорт түрлері Бүгін 01:49
Витренко Андрей
Витренко Андрей
sports24 сарапшы
ФОТО: Olympic.kz

Қазақстан өкілдері стенд атудан өткен Азия кубогында 14 медаль жеңіп алды. Жарыс Алматы облысында 21-30 қыркүйек аралығында өтті.

Қазақстандық спортшылардың есебінде алты алтын медаль бар. Турнирде бірінші орынды Әсем Орынбай, Эдуард Ищенко, Никита Моисеев (барлығы - жасөспірімдер) иеленді. Сонымен қатар, бірінші орынды скит бойынша әйелдер, ерлер және аралас командалар иеленді.

Жекелей сында Әлішер Байсалбаев, сондай-ақ трап пен дубль-траптағы ерлер командалары күміс жүлдегер атанды.

Үшінші орынды Айжан Досмағамбетова, Владлен Калимулин, трапта Марк Почивалов және скитте Давид Почивалов иеленді. Тағы бір қоланы трапта әйелдер командасы жеңіп алды.