locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алматыда паделден халықаралық FIP турнирі алғаш рет өтеді – 20-дан астам елдің спортшылары қатысады

Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Алматыда паделден халықаралық FIP турнирі алғаш рет өтеді – 20-дан астам елдің спортшылары қатысады
ФОТО: Getty Images

Алматы қаласы алғаш рет Паделден халықаралық турнирге, яғни Халықаралық падел федерациясының (FIP) қолдауымен өтетін жарысты қабылдайды.

FIP Bronze Kazakhstan санатындағы турнир Add Padel and Table Tennis спорт орталығында өтеді. Ерлер арасындағы бәсеке 8–11 мамыр күндеріне жоспарланған, ал әйелдер арасындағы ойындар 21–25 мамыр аралығында өтеді.

Бұл - Алматыдағы алғашқы осындай деңгейдегі турнир болмақ. Негізгі кезең 1/16 финал сатысынан басталады. Жарыс шетелдік спортшылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды - 20-дан астам елден қатысушылар келмек. Турнирдің басты фавориттерінің бірі - әлемдік рейтингте алғашқы жүздікке кіретін испаниялық Игнасио Вилариньо Гестосо мен Хайме Муньос. Екеуі бірігіп FIP рейтингінде 1650 ұпай жинаған.

Қазақстан намысын бұл жарыста 19 спортшы қорғайды. Олар халықаралық рейтингте ұпай жинап, еліміздің беделін арттыру үшін жарыс жолына шығады.

Турнирдің жүлде қоры - 3 500 еуро. Жеңістен кейін әр жұп Халықаралық падел федерациясының ережесіне сай белгілі бір мөлшерде рейтингтік ұпайға ие болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie