locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Актөбе» Азия чемпиондар лигасында өнер көрсетеді

Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Актөбе» Азия чемпиондар лигасында өнер көрсетеді
ФОТО: Казахстанская Федерация Волейбола

Бүгін Жапонияда волейболдан Азияның ең үздік клубтары қатысатын басты турнир — Чемпиондар лигасы басталды. Аталған жарысқа Қазақстан атынан алғаш рет ВК «Актөбе» қатысып отыр. Команда ел кубогының және Суперкубоктың иегері, сондай-ақ ішкі біріншіліктің күміс жүлдегері ретінде жолдама алған.

Бірінші жарыс күнінде актөбеліктер алаңға шықпайды. Ал 12 және 13 мамыр күндері олар топтық кезеңде Австралияның «Квинсленд Пайрэтс» және Жапонияның әйгілі «Сантори Санбёрдз» клубтарымен кездеседі.

«Санбёрдз» — турнирдің басты фавориттерінің бірі. Бұл команда Азия клубтық чемпионаты-2023 жеңімпазы және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Жапон ұжымының құрамында — жапон құрамасының жұлдызы Ран Такахаши, әлем чемпионы әрі Олимпиада күміс жүлдегері поляк Александер Сливка, кубалық Алан де Армас, және аты аңызға айналған ресейлік шабуылшы Дмитрий Мусэрский бар.

Ол 2012 жылғы Олимпиада финалындағы керемет камбэкпен есте қалған: Ресей 0:2 есебімен ұтылып жатқанда, матчты 3:2 етіп төңкеріп, Бразилияны жеңген. Мусэрский сол ойында 31 ұпай жинаған болатын.

2018 жылдан бері ол «Сантори» сапында ойнап, төрт рет Жапония чемпионы атанды, Император кубогын және Азия клубтық чемпионатын ұтты. 13 мамыр күні ВК «Актөбе» дәл осы суперклубпен кездеседі.

18 жастағы қазақстандық шахматшы Азия чемпионатында блицте алтын жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie