Ауыр атлетикадан ӘЧ: Любовь Ковальчук 6- орынмен елге оралады
Әлем чемпионатының соңғы күнінде Бахрейнде Қазақстан атынан 87 кг салмақ дәрежесінде Любовь Ковальчук сынға түсті. Өкінішке қарай, қарағандылық ауыр атлетке жүлдегерлер қатарынан орын алу бұйырмады.
Әйелдер (+87 кг), А тобы:
1 орын — Ян Ли (324 кг, 149+175)
2 орын — Хё Чжон Пак (295 кг, 124+171)
3 орын — Йон Хи Сон (280 кг, 118+162)
6 орын — Любовь Ковальчук (263 кг, 113+150)
Сонымен, Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатын медальсіз аяқтады. Ал ерлер командасы 2 алтын (Әділетұлы — 96 кг, Антропов — 102 кг) және 1 күміс (Чуркин — 81 кг) медальмен елге оралды.
Келесі әлем чемпионаты 2025 жылы Норвегияның Фёрде қаласында өтеді.
Ресейде Қазақстанның төрт құрлық чемпионатына медальдық талаптары туралы мәлімделді.
Футбол
Бүгін 02:53
ММА
Бүгін 00:55