locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Айбат Мырзамуратов Қазақстанға Исламиадада қола медаль сыйлады

Жүзуші 200 метр қашықтықта брасс әдісімен финалда сәтті өнер көрсетті
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz

Қазақстан құрамасының жүзушісі Айбат Мырзамуратов Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлайды.

Қазақстандық спортшы 200 метр қашықтықта брасс әдісімен финалда керемет нәтиже көрсетіп, үздік үштікке енді.

Алғашқы орынды Түркиядан келген Дорук Ёгуртчуоглу иеленді. Екінші болып мәреге Алжирлік Джауад Сёуд жетті.

Бұған дейін осы Ислам ынтымақтастығы ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберды екі бірдей медаль жеңіп алған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie