locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Абиба Абужақыноваға тағы да автокөлік сыйға тартылды

Әлем чемпионатындағы күміс үшін дзюдошыға марапат көрсетілді
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Абиба Абужақыноваға тағы да автокөлік сыйға тартылды
ФОТО: Olympic.kz

Париждегі Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алғаны үшін жаңа автокөлікке ие болды.

Спортшының жаңа көлікпен түскен суретін «Спорт Шредингера» Instagram парақшасы жариялады.


«2025 жылғы әлем чемпионатының күмісі үшін! «Jenys» дзюдо клубының сыйлығы! Маусым айында Абиба әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық болды», — деп жазылған жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, Будапештте өткен жарыста Абиба жартылай финалда испаниялық Лаура Мартинесті жеңіп, Париж Олимпиадасында кеткен есесін қайтарды. Ол додада осы қарсыласынан ширек финалда ұтылған болатын. Абиба үш жыл қатарынан әлем чемпионатының жартылай финалына шығып келеді. Бұған дейін екі рет (2022, 2024) қола медаль еншілеген.

Айта кетейік, 2024 жылдың жазында да спортшыға екі автокөлік сыйланған болатын. Париж Олимпиадасына қатысқаны үшін Абибаға электромобиль табыс етілген. Бірнеше күннен кейін спортшы Instagram парақшасында тағы бір сыйлықпен түскен суретін жариялаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie