locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Абайдың 180 жылдығына арналған қазақ күресінен ҚР кубогі: Командалық есепте кім үздік болды?

Семейде өткен айтулы жарыста 400-ге жуық балуан күш сынасты
Басқа спорт түрлері
Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Абайдың 180 жылдығына арналған қазақ күресінен ҚР кубогі: Командалық есепте кім үздік болды?
ФОТО:qazaqkuresi.kz

Семей қаласында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогі өтті.

Ауқымды жарысқа еліміздің 19 облысынан келген 400-ге жуық балуан қатысып, 8 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Жекелей белдесулер үш күнге созылды. Бәсеке барысында ұлттық құраманың белді мүшелері мен халықаралық аренада атой салып жүрген саңлақтар да бозкілемге шықты.

Командалық есепте Шымкент өңірінің балуандары топ жарса, Абай облысы күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Астана мен Алматы қалаларының спортшылары қола жүлдені еншіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie