2025 жылғы Азия ойындары: төртінші жарыс күнінің қорытындысы
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: olympic.kz
Харбинде қысқы Азиаданың төртінші жарыс күні аяқталып, кезекті медальдар сарапқа салынды.
Бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын түсті – биатлонда (Владислав Киреев) және фристайл-акробатикада (Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев) жеңіске жетті.
Жалпы есепте Қазақстан төртінші орында тұр. Жапониядан алтын медаль саны бойынша қалып қойғанымен, күміс жүлделер саны теңесті.
Айта кетейік, қысқы Азиада 14 ақпанға дейін жалғасады. Биылғы додада Қазақстан намысын 137 спортшы қорғайды.
