locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

12-18 мамыр аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com

Алдағы аптада қазақстандық спортшылар бірнеше ірі халықаралық жарыста ел намысын қорғайды. Апта бойы түрлі елдерде өтетін жарыстарда жерлестеріміз өз шеберліктерін көрсетпек.

12–19 мамыр аралығында Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі өтеді. Бұл додада Қазақстан намысын 3 гимнаст қорғайды. Ал 13–15 мамыр күндері Астанада пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Онда еліміздің атынан 10 спортшы қатысады.

Сингапурде 13–20 мамыр күндері көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Онда 8 қазақстандық гимнаст қыз өнер көрсетеді. 14–17 мамырда Польшаның бірнеше қаласында велоспорттан Orlen Nations Grand Prix кубогі өтеді. Ел құрамасында – 6 спортшы.

16–18 мамыр аралығында Шанхайда семсерлесуден халықаралық Гран-при турнирі ұйымдастырылады, оған Қазақстаннан 3 спортшы қатысады. 17–18 мамырда Шымкентте эстетикалық топтық гимнастикадан ел чемпионаты өтеді. Жарысқа 9 өңірден 293 спортшы жиналады.

Сонымен қатар, 17–24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбода бокстан жастар (U-19 және U-22) арасындағы Азия чемпионаты басталады – Қазақстаннан 13 былғары қолғап шебері қатысады. 17–25 мамыр күндері Доха қаласында үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Жаһандық сынға 10 спортшымыз қатысады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie