Жұмағұлов: Oktagon тарихына атымды жазғым келеді
Жалғас Жұмағұлов 28 маусым күні Гамбургте өтетін Oktagon 73 турниріндегі Бено Адамияға қарсы титулдық жекпе-жек алдындағы дайындығы туралы айтты.
Қазақстандық ММА спортшысы Жалғас Жұмағұлов SPORT+ сайтына берген сұхбатында титулдық жекпе-жекке дайындық барысын және қарсыласы туралы ойын бөлісті.
«Лагерь жақсы өтті, 100% дайынмын. Көңіл-күй де, мотивация да жоғары. Әрине, бес раундтың барлығын өткізгім келмейді — ертерек аяқтасам деймін. Бірақ бәрі Алланың қалауымен болады: маған жазылғаны болса, сол болады. Өз жағымнан қолдан келгеннің бәрін жасаймын.
Қарсылас — жақсы төбелеседі, күреске қарсы қорғанысы мықты. Жекпе-жек барысына қарай әрекет етемін — не өтсе, соны жасаймын. Oktagon лигасының алғашқы қазақ чемпионы болып, атымды тарихқа жазғым келеді», — деді Жалғас.
Oktagon 73 турнирі 28 маусым күні Германияның Гамбург қаласында өтеді.
Топурия UFC жекпе-жекшілерін бір-екі сөзбен сипаттады.