locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жаңа дивизион патшасы: Хамзат Чимаев Дю Плессиені жеңіп, UFC чемпионы атанды

UFC 319. Хамзат Чимаев Чикагода Дю Плессиді жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді
Жаңа дивизион патшасы: Хамзат Чимаев Дю Плессиені жеңіп, UFC чемпионы атанды
ФОТО: Getty images

UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегі жанкүйерлер күткендей тартысты өтті. Орта салмақтағы чемпион Дрикус дю Плесси мен әлі жеңілмеген Хамзат Чимаев бес раундқа созылған айқаста күш сынасты. Дегенмен, жекпе-жектің тағдыры көп жағдайда алдын ала айқын болғандай әсер қалдырды.

Алғашқы секундтардан-ақ Чимаев өз жоспарын көрсетті: үздіксіз қысым, күрес пен бақылау. Бірінші раундта-ақ ол қарсыласын қапы қалдырып, партерге аударды да, үстінен соққылар жаудырып, Дю Плессиға көтерілетін мүмкіндік бермеді.

Екінші және үшінші раундта да картина өзгермеді: Чимаев жүйелі түрде қарсыласын титықтатып, тізесімен жұмыс істеп, маунт пен арқаға өтіп, әр сәтте айқасты мерзімінен бұрын аяқтайтындай қауіп төндіріп отырды. Дю Плесси эпизодтарға жабысып баққанымен, жағдайды өзгерту мүмкін болмады.

Төртінші раунд та сол сценариймен жалғасты: чемпион соққыларымен жауап беруге тырысқанымен, Чимаев тағы да партерге түсіріп, жекпе-жекті толық бақылауда ұстады.

Тек бесінші раундта Дю Плесси қысқа уақытқа үстінен шығып, партерде басымдыққа ие болды. Бірақ Хамзат жылдам қайтадан жағдайды өз қолына алып, айқасты соңына дейін сенімді жеткізді.

Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Чимаевқа берді. Осылайша, ол жаңа орта салмақ чемпионы атанып, мансабындағы ең үлкен табысын тойлады. Бұл жеңіс оның UFC тарихындағы ең қауіпті және ықпалды спортшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie