locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Үздік екеніңді дәлелдегің келе ме?» Гэрри Дохедегі жеңістен кейін Махачев пен Рахмоновты жекпе-жекке шақырды

Иэн Гэрри Шавкат пен Махачев туралы тағы да мәлімдеме жасады
«Үздік екеніңді дәлелдегің келе ме?» Гэрри Дохедегі жеңістен кейін Махачев пен Рахмоновты жекпе-жекке шақырды
ФОТО: Getty images

Ирландиялық жартылай орта салмақ өкілі Иэн Гэрри Дохада Белал Мұхаммадты жеңгеннен кейін үлкен мақсаттарын жасырмады. Жеңістен кейінгі сұқбатында ол өз жолының енді тек титулға апаратынын атап өтіп, екі басты есімді бірден атады – Шавкат Рахмонов пен жаңа чемпион Ислам Махачев.

Гэрридің айтуынша, бірінші нөмірді жеңгеннен кейін ол енді ешкімнен қашпайды және тек шыңға ұмтылады.

«Шавкат бар, Махачев бар. Мен қазір ғана бұрынғы үміткерді, рейтингтің бірінші нөмірін – Белал Мұхаммадты жеңдім. Белал мені жерге құлата алмады. Ал енді көрейік, жаңа чемпион мұны істей ала ма? Ислам, егер шынымен мықтымын десең - келісімшартқа қол қой! Октоганда кездесеміз», – деді Гэрри.

Шавкат үшін бұл есім бөтен емес. 2024 жылдың соңында екі файтер октагонда жолыққан, сол кезде Рахмонов ирландықты сенімді түрде жеңіп, айқын басымдық көрсеткен еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie