locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Жекпе-жекке жұдырық та, рух та дайын: Асу Алмабаевтың Әбу-Дабидегі айқас алдындағы дайындығы

Видео. Жекпе-жекке жұдырық та, рух та дайын: Асу Алмабаевтың Әбу-Дабидегі айқас алдындағы дайындығы
ФОТО: Darteam

Қазақстандық UFC спортшысы Асу Алмабаев әлемнің ең беделді октагонындағы алтыншы жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр. 26-нан 27 шілдеге қараған түні ол UFC on ABC 9 турнирі аясында перулік Хосе Очоамен Әбу-Дабиде кездеседі.

Шешуші жекпе-жек қарсаңында Асу командасы соңғы дайындық сәттерінен көріністермен бөлісті: қолды байлау, ішкі тыныштық, шынайы зейін мен сенімділік - бәрі де нағыз кәсіпқойлықты аңғартады.

Наурыздағы сәтсіздіктен кейін Алмабаев бұл жолы жекпе-жекке барынша дайын күйде келіп отыр. Қателіктерден сабақ алып, кемшіліктермен жұмыс істеген. Оның бұрышында – жеңілістің дәмін татып көрмеген Шавкат Рахмонов пен тәжірибелі бапкер Эдуард Базров. Мұндай команда мен кек алу рухы бұл жекпе-жекті мансаптық тұрғыда шешуші сәтке айналдырып отыр.

Алмабаевтың айқасы Астана уақытымен шамамен 00:30-да басталады. Жекпе-жекке тікелей көрсетілім.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie