locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Жеңілді - бірақ бірден шақырту тастады. Еркебұлан Тоқтар жаңа қарсыласын таңдады

Қазақстандық файтер жекпе-жектен кейін октагонда Ербутаевпен көз түйістіріп, жаңа айқастың белгісін берді
Видео. Жеңілді - бірақ бірден шақырту тастады. Еркебұлан Тоқтар жаңа қарсыласын таңдады
ФОТО: Nomad Fighting

Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін бірден жаңа қарсыласын таңдады.

28 наурыз күні Ереванда (Армения) өткен Hype Asia турнирінде қазақстандық файтер негізгі жекпе-жекте қырғызстандық Марсель Нурланбек уулудан ұтылды. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті қарсыласына берді.

Алайда жекпе-жектен кейін оқиға жалғасын тапты.

Тоқтар бірден октагонға оралып, өзбекстандық файтер Абдумалик Ербутаевты айқасқа шақырды. Екі спортшы көз түйістіріп, алдағы кездесудің болатынын аңғартты.

Айта кетейік, Ербутаев осы турнирде қазақстандық Ерасыл Ақранбекпен жұдырықтасып, оны бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie