ВИДЕО. UFC Vegas 101 турниріне қатысушылар салмақ өлшеуден сәтті өтті
Лас-Вегаста UFC Vegas 101 турнирінің қатысушыларының салмақ өлшеу рәсімі өтті. Турнир 12 қаңтарға қараған түні өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде Маккензи Дерн мен Аманда Рибас арасында реванш өтеді. Екі спортшы да 52,61 кг салмақ көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, олардың алғашқы кездесуі 2019 жылдың қазан айында өтті, сол кезде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңісті Аманда Рибас қанжығасына байлаған болатын.
Кештің екінші басты жекпе-жегінде Сантьяго Понзиниббио мен Карлстон Харрис кездеседі. Аргентиналықтың салмағы 77,56 кг болса, Гайанадан келген қарсыласының салмағы 77,11 кг құрады.
Сондай-ақ турнирде Роман Копылов Крис Кертиспен, ал Виктория Дудакова Фатима Клайнмен кездеседі.
UFC Vegas 101 турнирінің салмақ өлшеу нәтижелері:
Басты кард:
• Әйелдер, минималды салмақ: Маккензи Дерн (52,61 кг) vs Аманда Рибас (52,61 кг)
• Жартылай орта салмақ: Сантьяго Понзиниббио (77,56 кг) vs Карлстон Харрис (77,11 кг)
• Орта салмақ: Цезар Алмейда (84,14 кг) vs Абдул Разак Альхассан (84,14 кг)
• Орта салмақ: Крис Кертис (84,14 кг) vs Роман Копылов (84,14 кг)
• Жартылай жеңіл салмақ: Кристиан Родригез (65,77 кг) vs Остин Баши (65,99 кг)
• Жартылай орта салмақ: Пунахэле Сориано (77,56 кг) vs Урош Медич (77,56 кг)
Алдын ала кард:
• Ең жеңіл салмақ: Хосе Джонсон (58,28 кг) vs Фелипе Бунес (57,15 кг)
• Орта салмақ: Марко Тулио (84,14 кг) vs Игорь Потеря (85,27 кг)
• Жеңіл салмақ: Тиаго Мойзес (70,53 кг) vs Трей Огден (70,53 кг)
• Жартылай орта салмақ: Престон Парсонс (77,56 кг) vs Джейкоб Смит (77,33 кг)
• Әйелдер, ең жеңіл салмақ: Эрнеста Карескайте (57,15 кг) vs Николь Кальяри (56,92 кг)
• Жартылай ауыр салмақ: Магомед Гаджиясулов (92,98 кг) vs Бруно Лопес (93,21 кг)
• Әйелдер, минималды салмақ: Фатима Клайн (52,61 кг) vs Виктория Дудакова (52,61 кг)
• Жеңіл салмақ: Нурулло Алиев (70,53 кг) vs Джо Солекки (70,3 кг).