locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Асу Алмабаев төрешіден тайм- аут сұрады, бірақ ешкім оны елемей қалды

ВИДЕО. Капе қалай Асу Алмабаевқа қарсы қулық жасады?
ФОТО: gettyimages.com

UFC Fight Night 253 турнирінде, 2 наурыз күні, ең жеңіл салмақта (56,7 кг дейін) қазақ спортшысы Асу Алмабаев (21-3) пен португалиялық Манел Капе (21-7) басты жекпе-жекке шықты.

Бес раундқа жоспарланған айқас үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, жеңіс Капенің еншісіне жазылды. Алайда жекпе-жектен кейін төреші Майк Белтранның шешіміне қатысты көп сұрақ туындады.

Белгілі болғандай, жекпе-жек тоқтатылмай тұрып, Капе екі рет қатарынан Алмабаевтың көзіне саусағымен тигізген. Екінші рет ереже бұзылған сәтте қазақ файтері төрешіге белгі беріп, үзіліс сұрағанымен, Белтран бұған назар аудармады. Осыдан кейін Алмабаевтың сол көзіне зақым келіп, көру қабілеті әлсірей бастады.

Айта кетерлігі, өткен аптада Генри Сехудо да Сонг Ядонгпен айқаста осындай жағдайға тап болып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Кейін дәрігерлік тексеріс оның ауыр жарақат алғанын растады. Асу Алмабаевқа қатысты жағдай да көп сұрақ туындатып отыр – егер төреші дұрыс шешім қабылдағанда, жекпе-жектің нәтижесі мүлде басқа болуы мүмкін еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie