locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. «Итеріп, төбелесемін деп қоқан-лоққы жасады». Чимаев Иэн Гэрримен жанжал шығарды

Хамзат Чимаев Гэрриді итеріп, жігітше төбелеске шақырды
Видео. «Итеріп, төбелесемін деп қоқан-лоққы жасады». Чимаев Иэн Гэрримен жанжал шығарды
Фото: скриншот

Дохада өткен UFC Fight Night 265 турнирі аяқтала сала, жаңа жанжал тұтанды. Арена дәлізінде ирландиялық Иэн Гэрри мен UFC жұлдызы Хамзат Чимаев сөзге келіп қалды. Чимаев Катарға Арман Царукянның секунданты ретінде келген болатын.

Қақтығысты бастаған - дәл Чимаев. Ол Гэрриді итеріп жіберіп, ашуға булыққан дауыспен:

«Мен сені талқандаймын, түсіндің бе?!» - деп айқайлады.

Гэрри бір қадам да шегінген жоқ. Ол сабырлы, бірақ нық үнмен жауап қатты.

«Бұл - балалық. Сен бұл спорттың нағыз чемпионы болуың керек».

Қауіпсіздік қызметі мен UFC өкілдері жағдай ушығып кетпеуі үшін араласып, екі спортшыны екі жаққа алып кетті.

Айта кетейік, сол сәтте Гэрри октагонды жеңіспен тастады: ол Белал Мухаммедті таза басымдықпен ұтып, дивизиондағы өз позициясын нығайта түсті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie