ВИДЕО. Алмейда Спивакты бірінші раундта айқын жеңіп, UFC 311 турнирінде жеңіске жетті
Лос-Анджелесте өткен UFC 311 турнирінің басты картасы аясында ауыр салмақ дәрежесінің ТОП-10 тізімінде тұрған екі мықты спортшы – бразилиялық Жаилтон Алмейда (22-3) мен молдавиялық Сергей Спивак (17-5) өзара күш сынасты. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.
Кездесу өте тартысты басталды. Спивак тейкдаун жасап, қарсыласын жерге құлатып, Алмейданың басына бірнеше соққы берді. Алайда, ол қарсыласын жерде ұстап тұра алмады. Жаилтон қарымта шабуылға шығып, Сергейдің арқасынан ұстады. Бірақ, ол позициясын жоғалтып, молдавиялық спортшы қайтадан үстемдігін көрсетті.
Сергей бірнеше ауыр соққы жасады, бірақ Алмейда орнынан тұрып, қарсыласын қуатты апперкотпен есеңгіретті. Бразилиялық шабуылды жалғастырып, Спивакты қайтадан жерге құлатты. Бірнеше секунд ішінде ол ауыр соққылар сериясын жасап, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұл Алмейданың қатарынан екінші жеңісі. Өткен жылы ол Александр Романовты жеңіп, тағы бір жарқын жеңіске жеткен болатын. Қазіргі уақытта бразилиялықтың UFC-дегі рекорды 8-1 көрсеткішіне жетті.
Сергей Спивак осыған дейін Марчин Тыбураны бірінші раундта ауырту әдісімен жеңгенімен, бұл жекпе-жекте жеңіліске ұшырады.
ВИДЕО. Ренье де Риддер UFC 311 турнирінде Кевин Холландты тұншықтыру әдісімен жеңді