ВИДЕО. Alash Pride FC 105 турнирінде Талант Есдәулет жеңіске жеткен соң текетірес басталды
ММА
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Alash Pride
Бүгін, 31-ші қаңтарда Тараз қаласында аралас жекпе-жектен Alash Pride FC 105 турнирі өтуде. Турнирдің негізгі кездесулері өтіп жатыр.
Қазақстандық 21 жастағы спортшы Талант Есдәулет Қайкиев Темірланды тұншықтыру әдісімен жеңді. Жеңілістен кейін Қайкиев текетірес бастады. Қақтығысты шешу үшін файтерлердің командалары араласуға мәжбүр болды.
Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде екі қазақстандық – Давлатбек Абдуқахаров пен Мұхамадумар Абдурахмонов жеңіл салмақта уақытша чемпион атағы үшін жұдырықтасады.